2016 жылдан бері Республикамыздың барлық қалалар мен басқа да елді мекендерді қамтитын «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіліп келеді.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар күні бойы халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес және өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алады.
Шараның басты мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру.
Осыған орай, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанттары Түкістан облысы бойынша Түркістан, Кентау қалаларында, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Жетісай, Төлеби, Сайрам, Созақ, Арыс, Түлкібас және Қазығұрт аудандарында ұйымдастырылған акцияға белсене қатысып, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті.









